Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Претцер Генрих Петрович

 Претцер Генрих Петрович

 

«Лисаковскрудстрой» трестінің «Кульбытстрой» құрылыс басқармасының шатыр салушылар бригадасының бригадирі, қаланың алғашқы құрылысшысы.

1931 жылы 19 қыркүйекте Саратов облысы Куккус ауданы Лауб ауылында дүниеге келген.

Қырық екі жыл құрылысшы Г.П. Претцер-«III дәрежелі Еңбек Даңқы» орденінің кавалері, Қазақ КСР құрылыс Министрлігінің құрмет грамоталарымен, «Главкустанайстрой» Үздік құрылысшысы» дипломымен марапатталған.

Сахалинада – кеме жасау верфінде, ал біздің жерлерде – елуінші жылдардың ортасынан бастап жұмыс істей бастады. Лисаков қаласының құрылысына Г.П. Претцердің ең тікелей қатысы бар. Ол алғашқы құрылысшылар қатарында 1 шағын ауданның тұрғын үйлерін салуға қатысты. «Кульбытстрой» құрылыс басқармасында 1972 жылдан бастап жұмыс істеді, және осы уақыт бойы шатыршылар бригадасын басқарды**.

Г.П. Претцер Лисаков қалалық Халық депутаттары Кеңесінің 1991 жылғы 8 тамыздағы қаулысына сәйкес «Лисаковс қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

1993 жылы Претцер отбасымен Германияға тұрақты тұруға кетті. Г.П. Претцер 2006 жылы 5 сәуірде Германияда қайтыс болды.

 

* Лисаков өңірлік мемлекеттік мұрағатының қоры.15 б. д. 97 б. 61

** «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы. А.Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы. Қостанай: Қостанай баспа аула, 2009, с. 195, 19