Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Семченко Иван Иванович

/

Семченко Иван Иванович

 

Лисаков қаласының алғашқы құрылысшысы, Лисаков комсомол ұйымының бірінші хатшысы, «Высокое напряжение» (2001 ж.), «Притяжение Лисаковска» (2006 ж.), «Лисаковские зори» (2007 ж.) кітаптарының авторы.

 И. И. Семченко 1941 жылы 12 тамызда Гомель облысы, Речицкий ауданы, Красная Дуброва ауылында дүниеге келген. 1958 жылы маусымда Короватичи орта мектебін бітіргеннен кейін Рудный қаласындағы Соколовско-Сарбай ГОК құрылысына келді. Дәнекерлеуші, слесарь болып жұмыс істеді. 1960 жылдың қыркүйегінен 1966 жылдың ақпанына дейін Қазақ политехникалық институтының (Алматы) энергетика факультетінде инженер-электрик мамандығы бойынша оқыды, «Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалаларды электрмен жабдықтау» мамандығын алды.

1966 жылдың наурыз айының соңында бағыт бойынша Рудный қаласына, «Соколовскрудстрой» трестіне келіп, «Лисаковскпромстрой» бірінші құрылыс басқармасында жұмыс істеуге ұсыныс алды. 1966-1968 жылдары – «Лисаковскпромстрой» басқармасында аға инженер-энергетигі, бас энергетигі болып істеді. И.И. Семченко Лисаков жылу орталығының, «Лисаковская» аймақтық қосалқы станциясының, Лисаков ГОК жөндеу шеберханалары мен автокөлік құралдарының, суды темірсіздендіру станциясының, қаладағы объектілердің (қазандықтардың, бірінші мектептің, емханалардың және т.б.) құрылысына қатысты. 1968-1970 ж. «Казэлектромонтаж» тресінің іске қосу-реттеу басқармасында электр жабдықтарын: жылу орталығын, ЖБИ зауытын, комбинаттың жөндеу цехтарын, Қызылжар су торабын, суды темірсіздендіру станциясын, №4 қалалық қосалқы станцияны және комбинаттың өнеркәсіптік қосалқы станцияларын ретке келтіру және іске қосуға тікелей қатысты.1970-2004 жылдары Лисаков қаласындағы «Қостанайэнерго» Батыс электр желілерінде әртүрлі инженерлік қызметтерде: инженер, жоғары вольтты зертхананың бастығы, сынау, оқшаулау және асқын кернеуден қорғау қызметінің бастығы, өндірістік-техникалық қызметтің бастығы, бас инженердің орынбасары, бас инженер болып жұмыс істеді.

1966-1970 жылдары бірінші комсомол ұйымының хатшысы, Бүкілодақтық екпінді Комсомол құрылысының бірлескен комитетінің мүшесі бола отырып, құрылыс алаңында көркем өнерпаздарды, алғашқы футбол командасын, алғашқы жедел жасақтарын (1966-1969 жж.оның командирі болған), құрылыста комсомол-жастар бригадаларын ұйымдастыруға белсенді қатысты. Батыс электр желілерінде жұмыс істей жүріп, кәсіподақ комитетінің мүшесі және орынбасары, еңбек ұжымдары кеңесінің төрағасы болған.

«Еңбек ардагері» медалімен, «Социалистік жарыс жеңімпазы» (1973, 1974, 1978 жж.), «Тоғызыншы бесжылдықтың екпіндісі» төс белгісімен марапатталған. Қазақстан ЛКЖО ОК, Қостанай облыстық комитеті мен Лисаков қалалық атқару комитеті, ПЗЭС және «Кустанайэнерго» құрмет грамоталарымен марапатталды. «Қостанайэнерго» еңбек сіңірген энергетигі» (1992 жыл), «Кәсіпорын ардагері», «Мамандығы бойынша үздік» атағы берілді, Лисаков қаласының Құрмет Кітабына енгізілді.

И.И. Семченко 2008 жылдың 9 қыркүйегінде қайтыс болып, Лисаков қаласында жерленген.

Лисаков қаласы тарихының қалыптасуына, дамуына және қалпына келтірілуіне қосқан үлесі үшін И. И. Семченко қайтыс болғаннан кейін «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді (Лисаков қалалық мәслихатының 2008 жылғы 6 қарашадағы № 118 шешімі).*

2010 жылдан 2015 жылға дейін Лисаков Тобыл тарих және мәдениет мұражайында өтетін «Отан неден басталады» «С чего начинается Родина» өңірлік балалар өлкетану оқулары И.И. Семченконың есімімен аталған.

 

* «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы. А.Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы. Қостанай: Костанайский баспа үйі, 2009, Б. 34