Жуланова Людмила Аркадьевна
Л. А. Жуланова Лисаков ЕЭА-ның пайда болуының бастауында тұрды, барлық қажетті құжаттарды әзірлеуге қатысты. Халық депутаттары қалалық Кеңесінің сессиясымен 1991 жылы Лисаков қаласы әкімшілігі басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына бекітілді. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырылымының депутаты болып сайланды (1994-1995), ҚР Жоғарғы Кеңесінің Экономикалық реформа жөніндегі комитетінің мүшесі болды.
1946 жылы 14 қазанда Хабаровск қаласында туған. Екі жоғары білімі бар: техникалық және заңгерлік. Еңбек жолын 19 жасында орта мектепте мұғалім болып бастады. 1975 жылы Рудный индустриалдық институтын бітіргеннен кейін «Лисаковскрудстрой» трестінде жұмыс істей бастады. Келесі 15 жыл ішінде инженерден «Казстальмонтаж» ҚМБ жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығына дейін жол жүріп өтті.
1991 жылдан 1994 жылға дейін Лисаков қалалық атқару комитетінде, содан кейін қалалық әкімшілік басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Лисаков еркін экономикалық аймағы құрылғаннан кейін-Лисаков ЕЭА Әкімшілік Кеңесі төрағасының орынбасары болды**.
1995-1997 жылдары- сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңесшісі. 1997-2000 жж. - кеңесші, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сектор меңгерушісі. 2000-2001 жылдары-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2001 жылдың сәуірінен бастап-зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық бас директорының бірінші орынбасары. 2002 жылдың наурызынан бастап – «Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесі Президиумының мүшесі. 2003 жылдың 9 қарашасынан бастап – «Ақ жол» демократиялық партиясының тең төрағасы, 2013 жылға дейін – «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары.
Қызы бар, дарынды музыкант, ол керемет орындаушы ғана емес, «Жас қанат» және «Славян базары» байқауларының лауреаты болып қана қоймай, сонымен қатар музыканы өзі де жазады.*
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2001 ж.).
«Лисаков ЕЭА туралы» ережені бекіту бойынша жұмысы үшін Л.А. Жулановаға «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Лисаков қалалық мәслихатының 1996 жылғы 22 шілдедегі №118 шешімі**.
** «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы. А.Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы. Қостанай: Қостанай баспа үйі, 2009, 29, 181-182.