14 тамызда музей қызметкерлері балалармен жұмысын жалғастырды. Лисаков қаласының Орталық алаңында "Фотожұмбақ" ойынының қатысушылары Лисаков "Жас Ұлан" қоғамдық бірлестігінің өкілдері болды (жет.Ю. Преснов) және Лисаков қаласы білім бөлімінің Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері (жет. Л.М. Романовская). Ескі фотосуреттерде балалар бірнеше ондаған жыл бұрын туған қаласының қандай болғанын қызығушылықпен қарады: мектептер, субұрқақтар, дүкендер, ескі пошта, "ертегі қалашығы", өткенге өзіндік саяхат жасады.
Демалыс күні алаңда серуендеп жүрген Лисаков балалары музей қызметкерлерінің "музей домино"ойынын ойнау ұсынысына үн қосты.
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/1064-t-uelsiz-aza-stan.html#sigFreeId2566c82839