Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Көшпенділер мәдениеті балалар шығармашылығында» жобасы Рудный қаласында жалғасуда

 Қараша айында "Балалар шығармашылығындағы көшпенділер мәдениеті" жобасы аясында Лисаков музейі мен мен Лисаков қаласының Балалар көркемсурет мектебі ұйымдастырған "Ғасырлар тереңінен" көрмесі Рудный тарихи-өлкетану музейінде жұмысын бастады.
Рудныйлықтар енді Лисаков музейіне барған кезде және одан кейін жасалған балалардың шығармашылық жұмыстарын көре алады. Кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер – әр түрлі бағытта Лисаков қаласының жас суретшілері көшпенділер мәдениеті туралы өз көзқарастарын жүзеге асырды. Балалар экскурсия кезінде музейде өз туындыларына эскиздер жасап, шынайы музей экспонаттарына қарап, экскурсоводтардың әңгімесін тыңдады. Шығармашылық үрдіс өнер мектебінде тәжірибелі ұстаздардың жетекшілігімен өткен сабақтарда жалғасын тауып, «Ғасырлар қойнауынан» атты көрменің нәтижесі болды. Жоба аясында көрме наурыз-сәуір айларында Лисаков музейінде сәтті қойылды, енді Рудный қаласында ашылды.
Көрмеге Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінің қызметкерлері дайындаған Қазақ ұлттық мәдениетінің заттары туралы баяндайтын стендтер де қойылды.
Музей мен көркемсурет мектебінің ынтымақтастығының нәтижесі болған жоба облыстық "Рухани қазына"байқауында балаларға арналған үздік музей жобасы болып танылды. Лисаков музейінің жетекшісі Ш.Е. Ермағамбетова Түркістан қаласында өткен "Рухани қазына" байқауының республикалық кезеңінде "Балалар шығармашылығындағы көшпенділер мәдениеті" жобасын ұсынды.