«Крест без Христа» инсталляциясы. ЛМИК 1862
1948 жыл, Қостанай облысы, Семиозер селосы
Шыны, ағаш.
D-5,5 см H-19,5 см;
Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы: Л. Г. Лескова (Кельм) ( Лисаковск қ.),
2000 ж.
Авторы - Л. Г. Лескованың ағасы - Эмиль Георгиевич Пфау, ұлты - неміс.
Ұлттық белгілері бойынша 1941 жылы Қырымнан Қостанай облысы, Семиозер селосына жіберілген, діні - лютеранин. Отбасылық аңыз бойынша Эмиль Пфау Құдайға сенуден бас тартқан.Оның өмірі соншалықты өмірі адам төзгісіз және еңбек әскерінде көрген азаптан көр соқыр болып қалған.Сенімінің жоғалып, көзі көрмей, тек қолы мен жанын сезінгенкезде жасап шығарған. Оны жасаған адам көптеген азап шегіп, жақындары мен денсаулығынан айырлған.Ол: «Егер Құдай менің халқыма осындай азап шегуіне жол берсе, онда мен оған сенбеймін!» деп наразылық білдірген. Бұл наразылық символы- ерекше құбылыс. Э.Усмановамен жазылған.
Инсталляциядан Құдай жоқ дегенді білдіретін керілген кресті көруге болады. Шебер өзінің барлық қайғы – мұңын ашық бөтелкінің ішіне крест, найза, қамшы, сірке суымен жөкені салып, тұрғызып қойған.