Қабырғаға iлiнетiн неміс панносы
"Шпрух" "Wo willfd du di Ewigkeit zubringen?" ЛМИК 8369/РОА 1
ХХ ғасырдың 1950-60 жылдары
Бояу, оргалит.
Сурет, қолжазба
48,2 х 36,4 см;
Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы: 2011 жылы
Усманова Э.Р. Қарағанды қ. ЛАЭ-ның бастығы
Қостанай облысы, Таран ауданы, Белинский совхозы
Тікбұрышты пішінде, көлденең түрде жасалған көгілдір түсті фонда гүлшоғы (ақ түсті гүлдер мен ботакөздер) бейнеленген. Жиегі қоңыр түсті. Оң жағында неміс тілінде, қара түсті бояуда бас әрпі күлгін және қоңыр түспен қолмен жазылған: «Wo willst du die Ewigkeit zubringen?» (Сен мәңгілікті қайда өткізесің?)
"Шпрух" панно Қазақстанға жер аударылған немістердің ең маңызды мәдени құндылықтарының бірі болып саналады. «Шпрух» иелерінің негізгі бөлігі протестант дініне сенушілер (меннониттер, лютерандар).
Қасиетті жазуы адам мен Құдай қатынастары тақырыбында нақыл сөздерден тұратын өз қолдарынан жасаған панноны протестант дінін ұстанатындарға жағдай жасаудағы оның негізгі ережесі өз өмірдерінде оқып және қолдануда ерекше беделге ие болды. Панномен үйлерін әсемдеп, Құдай туралы, діни борыштары мен тақуалық өмір туралы үнемі еске алып, жан тазалығын жасап отырған.
Діни мәтіндерді нақты түсіну үшін Поволжьеде туған лютерн шіркеуінің өкілдері тартылған: қазір Лисаков қаласының тұрғындары Э.А. Руди (туған жылы -1932), Л.А.Рейх (туған жылы - 1940), Лисаков техникалық колледжінің неміс тілі пәні мұғалімі И.А.Потянова.