Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қапсырма МИГЛ 185/Ю 5/ДМ23

Қапсырма МИГЛ 185/Ю 5/ДМ23

 

 

ХХ ғасырдың басы

Ақ түсті металл (күміс), бирюза, ақық.

Мөртабан, зер.

8,0 х 3,8 см

Тапсырған:  З.Жакенова, Жезказған  қ. 1993 жылы сатып алынған. Көкшетау болыс басқармасының қызы, Ақыш Зиргарға тиісілі.

 

Қамзол қапсырмасы –  пішіні бойынша жапырақтарды елестетін екі бөліктен тұрады. Қапсырма “сымкәптеу” техникасында орындалған көзге ұқсас пішінде медальонды еске салады, ортасында сопақ пішінде қызғылт сары түсті асыл тас қойылған, оның шет жақтарында 5 кішкентай бирюсамен әшекейленген. Әр бөлікте екі кішкентай ілгектері бар. Сол жақ бөлігінде – ілмек, оң жағында – қапсырмаға арналған ілгектен тұрады, ілгектің үстінде жалпақ табақшаға бирюса тасы қойылған. Қапсырма әйелдердің қамзолына арналған.    

 

Әйелдердің әшекей бұйымдары салт -дәстүр, әдет-ғұрыптар және діни сенімдерге байланысты қазақтың рухани өміріне байланысты жасалған. Эстетикалық және қолданбалы мағынасымен қатар, әртүрлі әйел бұйымдары діни-магиялық қызмет атқарған. Мұнымен қатар, дәстүрлі әшекейлердің бойында діни ұғымның мән-мағынасымен қатар, жеке кісінің иелігін немесе оның жас мөлшерін, шыққан тегін, өскен ортасын білдіретін қасиеттер де байқалып тұрады. Қапсырма, қаптырма, ілгек топсалы немесе сақина әдіспен біріктіретін екі бөліктен тұрады. Қапсырма әдетте екі өңірін қысып буу үшін пайдаланған болса, кейде тігінен бірнеше қапсырмаларды қаз-қатар сән ретінде тігіп қояды.

  стрелка