«Шашін өріп тұрғын қыз» фарфорлы мүсінше
МИГЛ 820/ФСК 139
1950-1970жж.
УКСР, Хмельницкий облысы, Полонное қаласы.
Фарфор,қалыптау, кептіру, бірінші күйдіру, жылтырату,
Сәндеу,жылтырлату, екінші күйдіру бірнеше кезеңнен тұрады.
А-16,5 см D-7,0 см
Тапсырған: Э.Р.Усманова, Қарағанды қ. 1997ж.
«Шашін өріп тұрғын қыз» фарфорлы мүсінше. Қара шашін өріп тұрғын қыз мүсіні, оң жаққа қарай енкейген. Қыз жеңсіз қызыл күрте, ақшыл –жасыл түсті жасыл жолақты белдемше және төменгі жағы екі қызыл түсті жолақпен әсемделген,ақ түсті алжапқыш киген.
Мүсіншенің іші қуыс – астында диаметрі 4 см тесік бар.
Келесі түп жақ бетінде – «Полонне ЗХК» завод белгісі бар, белгі көк түсті бояуда жасалған. Мұндай белгі 1950 -1970 жылдары Полонск фарфорлы заводында жапсырылған.