Шанқобыз - қазақтың көне металл пластинкалы, өздігінен дыбысталатын тілдік музыкалық аспабы. Шанқобыз ортасында ілгегі бар болат пластина түріндегі тіл бекітілген темір доғадан тұрады. Шанқобыз өлшемі шағын-бар болғаны 5-7 см. Әйелдер сәбилерін бесікке салған кезде шанқобызда ойнайтын. Кейде олар саусақтарына түрлі-түсті дыбыстық фон жасайтын қоңырау сақиналарын киді.