Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Жеңістің 75 жылдығына арналады «Бір зат – бір тарих» акциясы

 

Лисаков мұражайы Ұлы Отан соғысына байланысты заттар туралы мақалалар жариялауды жалғастыруда.  Біздің қорларда Украина Президенті Л.Д. Кучманың 2004 жылғы 17 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген «Украинаның фашистік басқыншылардан азат етілгеніне 60 жыл» мерейтойлық медалі сақталуда.

 

Украинаны азат етуге қатысқан, Ұлы Отан соғысының ардагері Александра Дмитриевна Семененко медальмен марапатталды. Өкінішке орай, медальға куәлікте аты жазғанда қате жіберіліп, құжат құрастырушылар «Олександр Дмитриевич» деген ер адамның атын жазды, бірақ награда кейіпкерді тапты.

 

Медальдің алдыңғы жағында жауынгер-азат етуші, Киевтегі Богдан Хмельницкийдің ескерткіші, мерекелік салюттің аясында гүл шоқтарымен қарсы алған қыздың бейнесі бейнеленген. Медальдің сол жағында София соборының мұнаралары бейнеленген және «1944-2004» жазуы бар.

 

Медальдің сыртқы жағында – «60 років визволення України від фашистських загарбників» деген жазу және Георгиев лентасымен оралған лавр бұтағының бейнесі.

 

1944 жылы 8 қыркүйекте гитлерлік Германия әскерлеріне қарсы Шығыс Карпат операциясы басталды. 28 қазанда Қызыл Армия Вермахт құрамаларын Украина КСР аумағынан толығымен шығарып жіберді. Соңғы неміс солдаты Қазіргі Украина шекарасынан кеткен күнді, 2009 жылы сол кезде билеген Президент Виктор Ющенко сол күнді ұлттық мереке ретінде бекітуді шешті.

 

Осы жылдар ішінде марапаттар жеңістердің үнсіз куәгері болып келеді, олар ұрпақтарға Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерліктерін ұмытуға мүмкіндік бермейді.