Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Бір зат – бір тарих» акциясы. Дорбаша (кисет)

Кисет-кәдімгі темекіні және махорканы сақтауға арналған дорбаша (төменгі сұрыпты темекі). Лисаков мұражайына дорбашаны 2000 жылы  Н. Кузнецов атындағы мұражай директоры Л.Ф. Федорова берді.  Дорбаша былғарыдан жасалған.

Майданға дорба жіберу дәстүрі Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Гимназия мен мектеп оқушылары кішкентай дорбашалар тігіп, солдаттарға шай, темекі салған. Осы дәстүрді Ұлы Отан соғысы кезінде солдаттарға дорбашаларды жіберуді мектеп оқушылар да жалғастырды.

Дорбаша Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында кеңес солдатының міндетті атрибутына айналады. Соғыс жылдарында темекі мен папиростар жетіспегендіктен, махорка өндірісі жолға қойылды. Кеңес жауынгерлері негізінен махорка, ортаазиялық темекінің арзан сорттарынан темекі шегетін. Темекі махорка паек ретінде бумада берілетін, содан кейін солдаттар дорбашаға салып алатын еді. Жауынгердің кисеті тұмардың бір түрі болатын, өйткені оның ішінде үйден келген хаттар мен фотосуреттері де жиі сақталатын. Бұл кисеттерді көрінікті болсын деп, киімнің үстіндегі белдікте киген. Майдандағы тыныштық сәттерінде солдат кисетін алып, темекі шегіп отырып, үйі мен туыстарын еске алатын.