Мұражайдағы күн мен түн. Ежелгі шеберлік сабақтары
7 қыркүйекте Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы және мәдениеті мұражайында алғашқы интерактивті көрме ашылды. Мұражай қызметкерлері алдарына ежелгі қыш ыдыстарды тек көріп қана қоймай, қолдан жасап көрулеріне, сонымен қатар тұрғындарға тоқыма бау өру, ежелгі дәстүр негізінде жіп иіруді үйретуді міндет етіп қойған.
Музей алаңшасы «Алдар көсе қонаққа шақырады»
Қала тұрғындарына 2019 жылғы 17 тамыз күні Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының қызметкерлері ойын түрінде музей коллекциясының заттарымен және қазақ халық салт-дәстүрлерімен таныстырды.
«Күмбірле домбырам үні»
25 маусым күні Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле домбырам үні» атты іс-шарасы өтті.
Тур Хейердал атындағы «Desht-Thor» II халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалі
Осы жылы Лисаков археологиялық экспедиция жетекшісі, Лисаков қаласының құрметті азаматы, ҚР Мәдениет саласының құрметті қызметкері Усманова Эмма Радиковна Тур Хейердал атындағы «Desht-Thor» II халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалін екінші рет ұйымдастырды. Аталмыш шараның бас демеушісі «Полиметалл Евразия» ЖШС.
Мұражай Лисаков даңқын асқақтатты
2019 жылғы 22 мамырда қазақстандықтар республикадағы ең үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мұражай Лисаков қаласында екенін білді!
«Мұражай түні - 2019. Мұражай - шеберлер қаласы»
2019 жылдың 17 мамыр күні Лисаков қаласы Халықаралық «Мұражай түні» акциясынан тыс қалмады. Осы кеште мұражайға келгендердің барлығы қолөнер шеберлерінің әлеміне енгендей болды. Ежелгі артефактілер бисерден жасалған таңғажайып ағаштармен, адам бойымен бірдей гүл композицияларымен, сондай-ақ әртүрлі материалдардан жасалған әшекейлермен қатарласа тұрды. Келушілер Лисаков шеберханаларының ішкі дүниесінің алуан түрлілігіне шынайы тәнті болды.