Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тур Хейердал атындағы «Desht-Thor» IV халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалі

2021 жылғы 24-25 шілдеде Тур Хейердал атындағы "Desht-Thor" IV халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалі өтті.

         

Фестивальдің ұйымдастырушылары: Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы және киновидеофонда орталығы" КМҚК, Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы.

         

Фестивальді техникалық сүйемелдеуді "International Education and Research Centre Ltd" жеке кампаниясы жүзеге асырды (Евгений және Виталий Лукашовтар, Нұр-сұлтан Қ., Петропавл қ., ҚР).

          

Биыл фестиваль географиясы едәуір кеңейді, Әзірбайжан, Греция, Испания, Израиль, Италия, Қырғызстан, Қазақстан, Литва, Молдова, Нидерланды, Норвегия, Ресей Федерациясы, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Швеция қатысушылары өздерінің бейне және фотоматериалдарын ұсынды. Фестивальге қатысушылар саны 125 адамды құрады, алдын ала қорытынды бойынша көрулер саны мыңға жуық болды.

          

Фестивалдің мақсаты-тарих, археология және тарихи қайта құруға деген қызығушылықты ояту арқылы Қазақстан Республикасындағы ішкі және сыртқы туризмнің әлеуетін барынша ашуға қол жеткізілді. Құрылған диалог алаңының арқасында ҚР тарихи-мәдени мұра объектілері ҚР азаматтары мен басқа елдердің туристері үшін аса танымал және тартымды болды.

         

Фестивальдің Internet-ресурстарында тікелей эфирде келесі онлайн-алаңдар жұмыс істеді: "Туризмдегі реконструкция" (экскурсия-реконструкция), "Ғасырларларға салынған" (әлемдік сәулет), "Тарих  және тағдырлар" (тарихи оқиғаларды, өмірбаяндарды қайта құру), "Зергерлер– сұлулық қайта құрастырушылары" (зергерлік іс), "Тоқу технологиясының алтын жіптері" (тоқу технологиясы), "Киіз ғажайыптары" (киіз басу), "Гефест мұрагерлері" (археометаллургия), "Сиқырлы саз" (керамика), "Жауынгер болу өнері" (қару-жарақ  жасау технологиялары, жекпе-жек өнері), "Мұражайдағы реконструкция" (мұражай кеңістігіндегі зат), "Дәуірдегі сән" (костюмді қайта құру), "Белгі мен сурет" (артефактіні, дін мен нанымды қайта құру), "Дәмді тағам" (ескі тамақтану рецептерін қайта құру), "Желден жылдамырақ" (көлік құралдарын қайта құру).

       

Фестивальдің сайтында суретші Олеся Гудиманың «Украиналық Мадонна» және «Сиқырлы реализм» фотокөрмелерсі; «Сан-Антонионың украиналықтары» этномәдени бірлестігінің «Батьківска Хата» көрмесі, авторы - Олена Браво және Қазақстан Республикасының «Алматы таулары» көрмесі көрсетілген.

       

Фестиваль материалдары веб-мекенжай бойынша ашық қолжетімділікте орналастырылатын болады:

https://desht-thor.webtraining.education , сондай-ақ әлеуметтік желілердегі профильдер:

Instagram: https://www.instagram.com/deshtthor/

Facebook: https://www.facebook.com/groups/deshtthor

Вконтакте: https://vk.com/deshtthor

YouTube: https://www.youtube.com/c/ArkonaKZ

         

Фестивальдің барлық қатысушылары сертификаттарға ие болады.

           

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет және туризм қайраткері Б.К. Оразымбетованың айтуынша, Фестиваль ғылыми қоғам мен қоғам арасындағы аралық буын рөлін атқаратыны сөзсіз. Қазіргі кезде жалған ғылымның өркендеуі бұрын-соңды болмаған ауқымда болып, халықтың сауаттылық деңгейі мен жалпы әл-ауқатының төмендеуіне ықпал етеді. Фестиваль қонақтарын ғылыми сенімді және сонымен бірге қызықты, тартымды түрде тарих туралы ақпаратпен таныстыру Тор Хейердал идеяларының тікелей жалғасы болып табылады.