"Лисаковқа – 50" қаланың мерейтойына арналған көрмесі.
Көрмеге Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Балалар көркем мектебі" МКҚК оқытушылары мен оқушыларының шығармалары, фотограф Александр Пархоменконың (Павлодар қ.) жұмыстары, Лисаков музейінің қорынан ХХ ғасырдың 60-шы және 90-шы жылдары кезеңінде қаланың фотосуреттері ұсынылды. Лисаков музейінің коллекциясынан фотоальбомдар экспонатталады.
Көрменің ашылуына Балалар көркемсурет мектебінің директоры – Карженкова Светлана Владимировна, Балалар көркемсурет мектебінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі – Каратаева Светлана Владимировна қатысты.
Ашылу кезінде "Лисаковқа – 50" қалалық көрмесіне қатысқаны үшін көркемсурет мектебінің оқытушылар мен оқушыларға грамоталар табыс етілді. Музей басшысының орынбасары Ю.П. Буданова мұражай жаңадан шығарған Лисаков қаласының тарихы туралы кітапты Лисаков балалар көркемсурет мектебіне берді.
Құрметті Лисаков қаласының тұрғындары және қала қонақтары, мұражайға қош келдіңіздер! Көрме қазан айының басына дейін жалғасады. Фотоальбомдардың беттерін парақтай отырып, көбісі өз жастарымен кездеседі, ал А. Пархоменко 2007 жылы жасаған Лисаков қаланың фотосуреттері 2000 жылдардың басында қаланың қандай болғанын еске салады.
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/1043-ala-suretshilerdi-k-zimen.html#sigFreeId6d8dd3f2ba