Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2017 - «Сәлем, Астана!»

«Сәлем, Астана!». Міне, осындай атауда Лисаков қалалық Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында қалалық күндізгі бөлімге баратын балаларға арналған танымдық сағат өтті. Аталмыш шара ҚР рәміздеріне 25 жыл толуына және Елордамыз Астана күніне орай ұйымдастырылған. Балалар мен ата-аналар және тәрбишілерге қазақ елінің дархан даласында 130 –дан астам ұлт өкілдері тұрып жатқаны туралы айтылып, тарихи кезеңдеріне деректер келтірілді. Елорамыз Астана атанғаннан бері күн сайын өзгеріп, көптеген ғимараттар бой көтерді.


Бәйтерек, Хан Шатыры, тағысын тағы... Осынау Астананың керемет келбет беретін ғимараттарының суреттері көрсетілді. Сонымен қатар, 10 маусымнан өз есігін айқара ашқан «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне виртуальды саяхат жасалды. Бұл балалардың көру, естумен қатар барлай білу дағдысына баулиды. Балалардың танымдық ой - өрісін жетілдіру үшін қызықты ойындар да өткізілді. Танымдық сұрақтар жауабын балалар ата-ана, тәрбиешілерімен бірге байтақ жерімізде 14 облыстары бейнеленген картаға жалаушаларды қою арқылы тапқан болатын. Ал, келесі ойында тақтаға ілінген мақал-мәтелдердің жауабын қасында жатқан суреттер арқылы тауып және оны бояса,  «Мен суретші» ойынында балалар «Бәйтерек» суретінің жалғасын парақ бетіне салды. Шара қазақ халқының асық ату ұлттық ойынмен аяқталды. Бұл күн бұнымен шектелмеді. Мұражай қызметкерлері көрме залындағы «Қазақстан Респуликасының рәміздеріне – 25 жыл» атты көрмесімен таныстырып өтті.