Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.09.2017 - «Жоғары Тобылдың археологиялық мұрасы» дәріс

«Жоғары Тобылдың археологиялық мұрасы» дәріс.

Лисаков қалалық Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы «Ұмай» Денисов ауданы мүгедектер қоғамы» ҚБ мен «Денисов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту» ММ жүзеге асырған «Менің өлкем тарихы менің Отаным тарихында» әлеуметтік жобасына қатысты.


Жоба аясында 2017 жылдың 21 қыркүйек күні Денисов кітапханасының оқырман залында мұражайдың ғылыми қызметкері О.Г. Князева «Жоғары Тобылдың археологиялық мұрасы» тақырыбында дәріс оқыды. Жиналғандарға Денисов ауданындағы, Лисаков шағын өңіріндегі, сондай-ақ Рудный қаласындағы Алексеевка ескерткіштері кешеніндегі қола дәуірінің археологиялық ескерткіштерімен таныстырды. Өлкетану сағатына ұстаздар, кітапханашылар мен мектеп оқушылары тартылды. Дәріс мұражай қорынан алынған «Лисаков қазба жұмыстарынан табылған заттары» көрмесімен және көрсетілген мультимедиялық тұсаукесерімен тыңдушылардың үлкен қызығушылықтарын оятты.