Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл.
Тәуелсіз еліміздің нышаны мемлекеттік рәміздерімізге арналған «мұражай сағаты» Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің №4 орта мектебіндегі 5-9 сынып оқушылары арасында өтті. Лисаков Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының аға ғылыми қызметкері Қадырханова А.Қ. оқушыларға дәріс оқыды. 2017 жылдың 3-5 қазан аралығында өткен кездесу барысында балалар тек Қазақстан рәміздері туралы ғана тыңдап қоймады, сонымен қатар мемлекеттік рәміздеріміз тарихы туралы айтылған бейнеролик көріп, түрлі танымдық ойындарға қатысып, сөзжұмбақ жауабын тапты. Мектепте қырүйектің 26-нан бастап Лисаков мұражайы әзірлеген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл» атты жылжымалы көрмесі жұмысын бастады. Айта кеткен жөн, сөзжұмбақтағы түйін сөзінде «Отан» сөзінің шығуы, осы аталмыш шараның басты мақсаты- патриотизмді қалыптастыру, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға баулу екендігін ашып берді. Дәрісті 150-ден астам оқушылар тыңдады. Көрмені 493 оқушылар мен 148 ересекер тамашалады.