2017 жылдың 14 қараша күні Лисаков Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің мектеп-лицейіндегі 8-сынып оқушыларына арналған «Торғайдың киелі жерлер географиясы» атты виртуалды экскурсиясы өтті. Экскурсияда «Қостанай облысының қасиетті жерлері», «Торғай геоглифі» секілді тұсаукесерлер мен бейнероликтер көрсетілді.
Виртуалды саяхат барысында оқушылар республикалық негіздегі Торғайдың киелі жерлері Кейкі батыр кесенесі, Амангелді Иманов жерленген орны, Торғай геоглифтері (Үштоғай төрттағаны, Торғай свастикасы, Шіле төрттағаны), «Екідін», Әбдіғапар хан кесенесі, Жауке батыр, М.Дулатов кесенелері; сондай-ақ жергілікті маңызы бар ескерткіштер: Ғабдоллаұлы Сатыбалды ишан кесенесі, «Құтан – әулие» кесенесі, Сейітқұл Маманұлы (Қыпшақ Сейітқұл) ескерткіші, «Татыр шайқасы», Тілеп Аспантайұлы мазары, А.Байтұрсынов туыстарының бейіті, Нұрхан Ахметбеков бейіті, Қазыбай әулие кесенесі, Баймырза әулие Мергенұлы кесенесі тарихы туралы біле алды. Шара соңында жоғары сынып оқушылары облысымыздағы киелі жерлер картасымен танысып, кейін картадағы қасиетті нысандарды белгіледі.