Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.12.2017 - Қостанай облысының киелі жерлері «Жабағы батыр-қазақ даласының батыры»

Қостанай облысының киелі жерлері

«Жабағы батыр-қазақ даласының батыры»

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 20 желтоқсан күні Лисаков мұражайының қызметкерлерімен №3 қазақ орта мектебінің 10 «А» сынып оқушыларына арналған «Жабағы батыр-қазақ даласының батыры» атты мұражай сағаты ұйымдастырылды. Аталмыш шара мақсаты Қазақстанның ғалымдарымен жүргізілген этнографиялық экспедиция барысында анықталып, республикалық киелі жерлер тізіміне енгізілген Қостанай облысындағы тарихи ескерткіштермен және қасиетті жерлерді таныту болып саналады.


Мұражай қызметкерлері аймағымыздағы жалпыұлттық және жергілікті маңызға ие киелі жерлер көрсетілген тұсау кесерді  ұсынды.


Іс-шараға Бейімбет Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайынан әріптестер шақырылған болатын. Экскурсия жетекшісі А.А.Жарылғапова қыпшақ руындағы аты аңызға айналған –Жабағы батыр және оның ұрпақтары туралы айтып берді.  Сонымен қатар, Б.М айлин атындағы атындағы Таран тариихи-өлкетану мұражайының директоры С.А.Рудик шарамыздың құрметті қонағы болды. Кездесу барысында шараға шақырылған оқушылар арасында  Қазақстанның киелі жерлері туралы өз білімдері мен алған сезімдерін бөліскен сұхбат -әңгімелесу өтті. Шара көркін мың бұралған би мен домбыра құлағында ойналған күй қыздырды.  Айгүл Шілдебаеваның "Қамажай" биімен және Қадырханов Мұхамеднұрдың домбыраның құлағында ойнаған Нұрғиса Тілендиевтің - "Әлқисса" күйі мұражай сағатын әрлендіре түсті.