Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Жобаға қатысу

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы «Қазақстан Республикасының тарихи - мәдени мұражайларында неміс коллекциялар тізімі» жасау мақсатында, алматылық мәдени- этникалық «Возрождение» неміс қоғамының зерттеу жобасына қатысты. 

2018 жылдың 7 - 8 ақпан күндері фотограф Ю. Еремин (Алматы қ.) Лисаков мұражайындағы қор коллекциясындағы экспозициялар мен заттарды суретке түсірді. Қызметкерлер  неміс этнографиясы коллекциясы ішінен 120 - дан астам заттарын, сондай - ақ неміс отбастарының көшірілген фотосуреттерін ұсынды. Әсіресе, неміс тойында киетін тәж коллекциясы ерекше қызығушылық тудырды. Заттардың фотосуреттері өңделіп болғаннан кейін  http://wiedergeburt.kz/  қолжетімді болады. Жұмыс аяқталысымен Юрий Еремин мұражай қызметкерлеріне фотосуретке түсіру бойынша мастер - класс өткізді.
Мұражайға заттар Қазақстанның Қостанай және Қарағанды облыстарындағы ауылдарға 1990 – 2000 - ші жылдары этнографиялық экспедиция нәтижесінде түскен. Экспедиция ҚР құрметті мәдение қайраткері Э.Р.Усманова, О.Н.Евстигнееваның (Қарағанды қ.) бастамасымен өткізілген. Эмма Радиковна Усманова Қарағанды облысындағы неміс отбасына тиісілі заттардың айтарлықтай бөлігін жинаушы болып табылады. Заттарды жинау мұражай қызметкерлерінің Лисаков қаласындағы көпэтносты тұрғындар арасында мұражайдың алғашқы директоры - Натальи Евгеньевны Жиляеваның басшылық етуімен жүргізілді. Неміс мәдениеті заттарының көптеген бөлігін мұражайға тапсырған лисаковтықтар қатарында  - Пауль Эдуардович  Рау бар. Осылайша, Солтүстік Қазақстанда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басынан тұрған, сондай-ақ 1941 жылдары жер аударылып келген неміс ұлты өкілдерінің ірі ұлттық мәдени заттар коллекцияларынан құрылды. 
Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының ғылыми зерттеуге арналған жобасына қатысып, жинақ жұмыстарына әріптестік танытуға және қол ұшын беруге дайын екендігін көрсетеді.