Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қостанай облысының киелі орындары» музей сабақтарының циклі өткізілуде.
2018 жылдың 13-ақпан күні Қостанай облысының киелі орындары. Ыбырай Алтынсарин кесенесі» тақырыбында мұражай сағаты өтті. Осы кезең аралығында Лисаков қаласының 500-ге жуық оқушылары мен студенттері келген 20-дан астам сабақ өткізілді. Мұражай сабағында оқушылар қазақтың көрнекті педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсаринннің өмірбаянымен танысып, кесене тарихы жайлы біле алды, қауырсынды қаламда сиямен жазып көрді, сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин қызметіне арналған «Ыбырай Алтынсариннің» Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы ұсынған құжаттар көшірмесі қойылған көрмені тамашалады.
Жоғарғы жылдамдықтағы интернеттің арқасында мектеп оқушылары Қостанай облысының киелі орындары көрсетілген виртуалды картасына және Ыбырай Алтынсариннің» Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы залдарына виртуалды саяхат жасады.