Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Әйелдер қолөнерінің әлемі

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған жаңа шағын - көрмені келушілер назарына ұсынады. Көрмеге түрлі техникада: кесте, ілгекті және шілтерлеп, ілмек бізбен тоқылған қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылған.

Шағын көрменің негізгі мақсаты – мұражай қорындағы заттарды келушілерге көрсету. Көрмеге 19 бұйымдар қойылған.

Көрмені  көруге шақырамыз және барлық нәзік жанды қыз -келіншектермен, аналарды көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.