Елордамыз Астана күніне орай мұражай қызметкерлерінде бірнеше іс-шаралар бастау алды. Мектеп маңындағы алаңдармен және сауықтыру лагерлеріне барған балғын балаларға Астананың 20 жылдығына арналған «Мұражайдағы балалар күні» арнайы бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаға біздің елордамыздың көз тартарлық жерлеріне виртуальды саяхат жасап, танымдық ойындар кіргізілген. Балалар еліміздің ең танымал жерлері «Бәйтерек», «Тәуелсіздік монументі», «Ақорда» Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы салынған пазлдарды жинады; мұражай бойынша шарлау ойынына қатысты. Шара соңында Астана – балалар көзімен» мұражай ауласында асфальтқа суретке салудан өткен байқаумен аяқталды.
Астана күнін мерекелеу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Поднятая Астана» деректі фильмін көрсету ұйымдастырылды. Келушілер елордамыз Астананың кешегісі мен бүгінгісіне виртуальды саяхат жасап, қалада қалай әсем ғимараттар бой көтергені туралы, қандай қиындықтар болды және оны қалай жеңгені туралы білді. Және қазір біз жас тәуелсіз мемлекет тарихында өзінің алтын парағын жазған Астана туралы біз үлкен мақтанышпен айта аламыз. Жас, әрі көз алдыңда үздіксіз өзгеріп отырған елордамыз – жасампаздық пен өрлеудің және шығармашылықтың нышаны.
6 шілде күні қаламыздың орталық алаңында Астананың 20 жылдығына орай Лисаков мұражайымен «Астана –Еуразия жүрегі» атты фотокөрмесін ұйымдастырды. Фотокөрмеге Қазақстанның жаңа елордасының заманауи ғимараттары, архитектуралық құрылыстары мен негізгі көрікті жерлері таныстырылған фотосуреттер ұсынылды.