Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы-ұлттың тірегі.

2018 жылдың 8 қыркүйегі күні Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында Отбасы күніне арналған «Отбасы-бақыт мекені» акциясына қатысты. Осы күні мұражайға келген отбастарына тегін экскурсия, «Анам және әкем ойыншықтары» шағын көрмесі ұйымдастырылды. «Отбасы –бақыт мекені» республикалық акциясы аясында мұражайда «Отбасы-ұлттың тірегі» атты мерекелік мұражай сағаты өтті. Аталмыш шараға «Жас шебер» клубына қатысатын №3 ОМ  4 «а» сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты.

 

Ата-аналарға клуб жұмысымен және балалар қандай жұмыс жасағанын, сонымен қатар жоспарларымен танысты. Бұдан басқа балаларымен бірге Қазақстандағы Отбасы күні мерекесі туралы, бұл күнді қалай атап өтетінін, кілем тоқу өнері мен түрлерін біліп, бірге өз қолдарымен кілем тоқуды үйренді. Балаларға ата-аналарымен бірге үй тапсырмасы ретінде бастаған кілемдерін аяқтап келу тапсырылды. Клуб жетекшісі Қадырханова А.Қ. түкті кілемді бүгінгі күні қолмен тоқу жолымен, оны қалай аяқтау керектігін көрсетті. «Үй жасауы-кілем» деп аталатын бейнеролигі көрсетілді. Сабақ соңында барлық қатысушыларға, дәлірек айтқанда: Қайнекешовтар отбасы, Әбішевтар мен Искаковтар отбасы және №3 ОМ 4 «а» сынып оқушысы Ердаулетова Айгүл мерекелік шараға қатысып, белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

Шара мақсаты - ата-аналар мен баланың қарым-қатынасын нығайту, отбасында ұялы телефонсыз бос уақыттарын сүйікті істерімен өткізуге, отбасы құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, Қазақстан басынан өткізген тарихи кезеңдеріне деген қызығушылық пен құрмет, өз халқының дәстүрлеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.