Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тур Хейердал атындағы «Desht-Thor» II халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалі

Осы жылы Лисаков археологиялық экспедиция жетекшісі, Лисаков қаласының құрметті азаматы, ҚР Мәдениет саласының құрметті қызметкері Усманова Эмма Радиковна Тур Хейердал атындағы «Desht-Thor» II халықаралық ежелгі технологиялар және мәдени коммуникациялар фестивалін екінші рет ұйымдастырды. Аталмыш шараның бас демеушісі «Полиметалл Евразия» ЖШС.

Алғашқы фестиваль өткен жылы Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы базасында өткен болатын.

28 маусымда Тур Хейердал атындағы «Desht-Thor» ежелгі технологиялар мен мәдени коммуникациялардың екінші халықаралық фестивалі аясында фестивальдің ұйымдастырушысы Эмма Радиковна Усманова мен Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы және мәдениеті мұражайы «Қайта қалпына келтірушілер сұрақтарға жауап береді» атты баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Конференцияға ғалымдар, қалпына келтірушілер, Қазақстан, Ресей және Украина тарихи қайта құру клубтарының өкілдері және қолөнер шеберханалары шеберлері қатысты. Лисаков қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. М. Мұстафина қала әкімшілігінен сөз алып, фестиваль ұйымдастырушылары мен қатысушылары жұмыстарына сәттілік тіледі.

Фестиваль қатысушылары өз сөздерінде Қазақстанның жарқын тарихи үдерістердің, мәдени коммуникациялардың, идеяның жаһандануының орталығы, үнді-еуропалық және түркі дүниелерін қалыптастырудың орталығы, салт-дәстүр мәдениетінің креативті негізі болып табылатынын айтты.

Алматыдан келген қонақтар – «Байдаралы студио» отбасылық шығармашылық шеберханасы Данияр Байдаралин жұбайымен бірге «Садақшылық» - қазақ көшпенділердің атты садақшылар өнері атты тұсаукесерін ұсынды.

Баспасөз конференциясынан кейін барлық қатысушылар мұражайдың көрме залына «Ұлы дала суретші көзімен» атты көркем көрменің ашылуына шақырылды. Көрмеге мұражайдың қорынан көркемсурет жұмыстары және Лисаков қаласының Балалар көркемсурет мектебі оқытушылары мен оқушыларының жұмыстары қойылды.

Біздің қаламыздың қонақтары, «Халықтық көркем кәсіп және қолөнер орталығы» Ханты-Мансийск қаласынан келген қатысушылар аудиторияға түрлі маталардан жасалған андрондық мотивтермен өрнектелген өз жұмыстарын ұсынды. Орталық директоры Бубновене Ольга Дмитриевна хантардың халықтық көркем қолөнері, ою-өрнек және олардың белгілері туралы әңгімеледі.

Келесі күні 29 маусымда Бейімбет Майлин ауданында фестивальдің негізгі іс-шаралары өтті.