Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Мұражайдағы күн мен түн. Ежелгі шеберлік сабақтары

Мұражай күндіз және түнде жұмыс істеді, ежелгі шеберлік сабақтарын 20-ға жуық Лисаков отбасылары сәтті игерген. Қола дәуіріндегі әйелдер киімінің қайта жаңартылған түрін келушілерге ұсынған «Андронов сұлулары» (Лисаков қаласының суретшілері мен педагогтары А. С. Николенко, Е. А. Николенко), көрменің көркін аша түсті. Петроглифтердің көркемдік бейнелерге ауысуы туралы ҚР Суретшілер Одағының мүшесі С. В. Қаратаева баяндады. Лисаков суретшісі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі С. В. Қаратаеваның қола дәуірінің жартастағы бейнелері киізінен жасаған суреттерінде сырын аша түскені байқалады. Бұл туындылар өткен мен бүгінгіні байланыстырып тұрғандай. Қаламызға танымал үздік тарих пәнінің мұғалімі М.А.  Баяхметова жетекшілік ететін мектеп-гимназиясы оқушылары көрменің алғашқы көрермендері болды. Оқушылар Лисаков мұражайының бірінші директорының Алматы қаласы тарихының мұражайына арналған Андронов әйелінің костюмін қайта құру жұмысы туралы әңгімесін мұқият тыңдады.

Көрме қала тұрғындары арасында Лисаковтың ежелгі брендін ілгерілету қадамдарының бірі болып табылады. Көрмеде музей коллекциясындағы ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Э.Р.Усманованың жетекшілігімен жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында табылған қола дәуірінің ыдыстары ұсынылды.

Баннерлерде ежелгі ыдысты қайта құру технологиясымен танысуға болады. Сурет екінші халықаралық ежелгі технологиялар фестивалі кезінде Ресейдің халық шебері Л.Пастернактің, сондай - ақ халық кәсіпшілігі шеберханасы мектебінің (РФ, Ханты-Мансий АҚ, Урай) мамандары өткізген шебер – сынып сағаты кезінде түсірілген.         Ақпараттық баннерлер ежелгі тоқыма бұйымдарын жасау ерекшеліктері туралы да айтып береді, стендтер кең таралған ою – өрнектердің бірі - свастика мен меандрдың мәнін ашады. Фотода Лисаков шағын аумағында археологтар тапқан бірегей керемет өрілген тоқыма бау үлгілерін көруге болады.

Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Музейге қош келдіңіздер!