Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Менің планетам - Лисаков қаласы»

«Менің планетам - Лисаков қаласы»

Ақпараттық хат

«Лисаковқа - 50 жыл (1971-2021)»

 

2021 жылы Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы «Лисаковқа – 50 жыл (1971-2021)» мақалалар мен очерктер жинағын басып шығаруды жоспарлады. Жобаға қатысуға Лисаков қаласының құрметті азаматтары, мұражай, мұрағат, кітапхана қызметкерлері, еңбек ардагерлері, өлкетанушылар тартылды. Жинақта Лисаков қаласының тарихын баяндайтын бұрын жарияланбаған мақалалар орналастырылады. Мақалаларды мұражайдың электронды мекенжайына 2021 жылдың 20 наурызына дейін ұсыну қажет Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Мәтін 14 кегльмен теріледі, жиектері 2 см.

Тақырып ортасында мақала мәтінімен бірдей мөлшерде бөлектелмей және шегініссіз беріледі.

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:             

Тегі, Аты-Жөні

Мақала атауы (соңында нүкте жоқ, шрифт – Times New Roman, кегль 14)

Жұмыс орны (лауазымы, мекеменің атауы, қаласы, облысы, елі)

Мәтінде аты-жөні фамилияның алдына қойылады. Абзацтар шегіністі белгілеу арқылы жасалады, 1,25 шегініс жасалады.

Сілтемелер мақаланың мәтіні бойынша тік жақшадағы тұтас нөмірлеумен ресімделеді, мысалы, [1, 54-бет]. Мақаланың соңында осы сілтемелердің тізімі болуы керек. Рәсімдеу үлгісі:

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Этносоциология: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы [Мәтін] / Ю.В. Арутюнян, Л. М. Дробижева, А. А. Сусоколов. – М.: Аспект Пресс, 1999. – 271 б.
  2. Бүкілресейлік социологиялық сауалнаманың деректері [электрондық ресурс]. - Кіру режимі. – http://socio.rin.ru/cgi_bin/news.pflidn=750

 

Иллюстрациялар (сапалы қара-ақ суреттер мен анық фотосуреттер) жеке файлдармен (jpg) беріледі, олардың атауында автордың тегі мен сурет нөмірі көрсетіледі.

Егер мақалада қосымшалар болса, онда олар нөмірленіп, аталуы керек. Егер мәтінде немесе дереккөздер мен әдебиеттер тізімінде қысқартулар болса, онда олар мақаланың соңында арнайы қысқартулар тізімінде шифрлануы керек.

Байланыс жасайтын тұлға - Юлия Павловна Буданова, телефон 8 (714 33)38926