Экскурсиялық қызметтердің технологиясы және ұйымдастырылуы
2021 жылғы 1-5 наурыз аралығында Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының ғылыми қызметкерлері т.ғ.к., доцент, мұражайтанушы, ICOM мүшесі, Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры М. З. Мұсаханованың «Экскурсиялық қызметтердің технологиясы және оны ұйымдастыру» тақырыбындағы онлайн-біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Сабақ бағдарламасы үш бөлімнен тұрды: «Экскурсовод негіздері», «Экскурсиялық әдістеме», «Экскурсоводтың кәсіби шеберлігі». Курс қатысушыларын экскурсияның мәнімен, функциясымен және белгілерімен, жаңа экскурсияны дайындау технологиясымен, экскурсоводтың кәсіби шеберлігінің маңыздылығымен таныстырды.
Алматы мұражайларына виртуалды саяхат жасап, курс тыңдаушылары әртүрлі практикалық тапсырмаларды орындады: объектінің төлқұжатын жазды, көрсету мен баяндаудың әдістемелік тәсілдерін анықтады, технологиялық карта мен экскурсия мәтіндерін жасады.
Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында жұмыс тәжірибесі негізінде Лисаков мұражайының ғылыми қызметкер-әдіскері О.Г. Князева «Экскурсиялар жіктемесінің негізгі белгілері» тақырыбы бойынша презентацияны ұсынды, ғылыми қызметкер-әдіскер Д.И. Лизунова «Экскурсоводтың сөйлеу және сөйлеуден тыс қарым-қатынас құралдары» тақырыбы бойынша презентацияны дайындады.
Оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификаттар алды.
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/994-ekskursiyaly-yzmetterdi-tekhnologiyasy-zh-ne-jymdastyryluy.html#sigFreeId6eddf50d68