Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Петр Прокопьевич Загороднюк

Петр Прокопьевич Загороднюк,

Ұлы Отан соғысына қатысушы

 

1925 жылы 25 шілдеде Қостанай облысы Таран ауданы Прохоровка кентінде дүниеге келген. 1941 жылы 15 Тамызда әскерге шақырылып, оқу атқыштар полкіне курсант болып жіберілді. 183 атқыштар дивизиясында, 761 атқыштар полкінде (танкіге қарсы мылтықтар бөлімшесінің командирі) I Украина майданында сержант болып соғысқан. 1942 жылы желтоқсанда ауыр жараланады. Госпитальдан кейін 317 атқыштар дивизиясының 761 атқыштар полкінде (танкке қарсы зеңбіректер взводтың командирінің көмекшісі) қызметін жалғастырды. 1944 жылдың мамыр айында екінші рет ауыр жарақат алып, сол жылдың қазан айында комиссия құрылды. I дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған. Көп жылдар бойы Лисаков тау-кен байыту комбинатының басқармасында жұмыс істеді. Соңғы лауазымы - бас бухгалтердің орынбасары.

 

"Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаков, Алтынсарин және Науырзым аудандары". Қостанай, 2010, 58 б.

 

 

 

П.П.Загороднюк, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Лисаковск.1985 ж.