Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Уәйісов Кеңес Нұрқанұлы

 

 

Уәйісов Кеңес Нұрқан ұлы

 

Лисаков қаласының алғашқы құрылысшысы, «Лисаковскрудстрой» АҚ құрылыс кешенінің бастығы (1983-1987).

1936 жылы 31 қаңтарда туған. Еңбек жолын Алматы құрылыс техникумын бітіргеннен кейін «Қостанайстрой» трестінің №2 құрылыс-монтаж басқармасының шебері болып бастады, 1959 жылы «Соколоврудстрой»мтрестіне жұмысқа ауыстырылды. 1965 жылы Қазақ политехникалық институтын бітіріп, инженер-құрылысшы біліктілігін алды.

1967 жылы Лисаков ТКБ комбинаты құрылысының басталуына байланысты К.Н. Уәйісов комбинаттың техникалық қадағалау бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 

1983 жылдан 1987 жылға дейін «Лисаковскрудстрой» трестінің құрылысшылар ұжымын басқарды.

Оның ұйымдастырушылық қабілеті, адамдармен жұмыс жасау қабілеті, қарамағындағыларға және жұмыс бойынша әріптестеріне деген талап пен тілектестік арқасында, шеберден «Лисаковскрудстрой» тресінің басқарушысына дейінгі мектепті өтуге мүмкіндік жұмсады.

Трест құрылысшыларының ұжымын басқарған  К.Н. Уәйісов «Белинский» және «Қоржынкөл» кең шығатын құрылысына, тұрғын үй және әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысандарына көп күш пен қуат салды.  

«Құрмет белгісі» екі орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының, тұрғын үй және әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілерінің құрылысына қосқан үлесі үшін К.Н. Уәйісовке  «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.  Лисаков қалалық мәслихатының 1996 жылғы 16 шілдедегі №114 шешімі*.

К.Н. Уәйісов 2010 жылғы  2 қазанда қайтыс болды **.

 

* «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы. А.Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы. Қостанай: Қостанай баспа үйі, 2009, б. 28, 171-172

 

** Құрмет Кітабы. Лисаков қалалық мәслихаты. НВФ 2638. Лисаков Жоғарғы Тоболдың тарихы мен мәдениеті мұражайының қоры